«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде сәндік-қолданбалы шығармашылығының көрмесі өтті

0
1009

2018 ж.  4-5 қараша күндері Алматы қаласының Оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығының көрмесін өтті.

Көрменің мақсаты: балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал ету; қатысушыларға жарыс түрінде өз шығармашылық қабілеттерін дамытуға және көсретуге мүмкіндік беру; көркемдік және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласында тәжірибе алмасу.

Көрмеге облыстық, қалалық (Астана және Алматы) балалар шығармашылығы көрмелерінде орындаудың түрлі жанрлары, техникалары және материалдары бойынша жеңімпаз атанған республиканың мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының және жалпы білім беретін мектептердің 11-17 жастағы білім алушыларының жұмыстары қабылданады. Көрмеге Республикамыздың түпкір-түпкірінен барлығы 100-ден аса педагогтар мен оқущылар келеді.

Көрмеге келесі номинациялар бойынша авторлық (жеке) жұмыстар қабылданады:

1) «Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым»;

2) «Табиғи материалдардан жасалған бұйым»;

3) «Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар»;

4) «Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйдің, бөлменің, саяжайдың, ландшафтың және т.б.»;

5) «Матадан жасалған бұйымдар (құрақ техникасы, жұмсақ ойыншық және т.б.)»;

6) «Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері».

19. Көрме жұмыстары келесі өлшемдермен бағаланады:

Шығармашылық тәсіл: тақырыпқа сәйкестігі, көркемдік талғамы, ерекшелігі; композициясы; түстік шешімі, колориті;

сапасы: таңдалған техниканы меңгеруі; жұмыстың эстетикалық түрі және безендіруі; орындау сапасы және ұқыптылығы; бұйымның немесе көркемдік жұмыстың күрделілігі; ұсынылған бұйымдардың тазалығы мен экологиялығы.

Қорытынды нәтижесінде:

«Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйдің, бөлменің, саяжайдың, ландшафтың және т.б.» номинациясында 1-орынды Қызылорда облысы, Қармақша ауданы, Байқоңыр қаласы №227 орта мектептің 10 сынып оқушысы Қалмаханова Аида, 2-орынды Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы «Қандыағаш қалалық мектептен тыс №1 Аула клубы, 8 сынып оқушысы Сәдуақасова Ақжүніс, 3-орынды Атырау облысы,  Атырау қаласының №28 орта мектептің 11 сынып оқушысы Жардемов Алтынбек иеленді.

«Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым» номинациясында 1-орынды Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы №227 орта мектептің 9 сынып оқушысы Артық Тұрсынбек, 2-орынды Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «Оқушылар шығарма үйі», 10 сынып оқушысы Аджибаев Молдахан, 3-орынды Жамбыл облысы, Шу қаласы №1 Өнер мектебі, 8 сынып оқушысы Майконов Мұхтар иеленді.

«Табиғи материалдардан жасалған бұйым» номинациясында 1-орынды Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының «Оқушылар шығармашылық үйі», 10 сынып оқушысы Сахиев Қамбар, 2-орынды Тараз қаласының «Техникалық шығармашылық орталығы», 6 сынып оқушысы Ожогова Дарья, 3-орынды Тараз қаласының «Техникалық шығармашылық орталығы», 8 сынып оқушысы Бозоева Эвелина.

«Матадан жасалған бұйымдар (құрақ техникасы, жұмсақ ойыншық және т.б.)» номинациясында 1-орынды Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы №246 орта мектептің 9 сынып оқушысы Қорғанбекқызы Жанель, 2-ші орынды Астана қаласының Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Құрақбаева Зарина, 3-ші орынды Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы «Мектептен тыс білім беру орталығы» 6 сынып оқушысы Дуйсенова Ботагөз.

«Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар» номинациясында 1-орынды Астана қаласының №68 орта мектептің 9 сынып оқушысы Амангельдықызы Еркежан, 2-орынды Қостанай қаласының А.И. Никифоров атындағы Көркемсурет мектебінің 9 сынып оқушысы Овчаренко Алина, 3-орынды Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы «Оқушы» орталығы, 5 сынып оқушысы Молдағали  Жұлдызай.

«Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері» номинациясында 1-орынды Жамбыл облысы, Шу қаласы №1 Өнер мектебінің 11 сынып оқушысы Әли Әсел, 2-орынды Шығыс-Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Найманбай орта мектебінің 10 сынып оқушысы Тұрысбекова Мөлдір, 3-орынды Қызылорда облысы,  Сырдария ауданы, №139 орта мектептің 8 сынып оқушысы Тәжібай Ақжүніс иеленді.

ЖАУАП ЖАЗУ

Пікіріңізді жазыңыз
Атыңызды осында жазыңыз