АЛҚА ОТЫРЫСЫ

0
505

Үстіміздегі жылғы 9 қарашада селекторлық режимде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиевтің төрағалық етуімен Білім және ғылым министрлігінің кезекті алқа отырысы болып өтті. Селектор байланысы арқылы өткен жиынға білім басқармаларының басшылары, ЖОО ректорлары және колледж директорлары қатысты. Күн тәртібіне сәйкес екі маңызды сұрақ қаралды: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру шаралары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі алқа отырысының 2019 жылға арналған жұмыс жоспары.

Жолдауда білім саласы­на қатысты аталған бес тап­сыр­маның күрделі және әлеу­­меттік жағынан маңыз­ды­сы – «Педагог мәртебесі ту­ра­лы» заңды әзірлеу. Заң мұғалімдерді шамадан тыс жүктемеден босатуды көздейді.  Бұл сұрақ бойынша мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары С.Н.Кабимолдаева тыңдалды.

«Білім туралы» Заңға сәйкес әрбір білім беру ұйымы 5 жылда бір рет мемлекеттік аттестаттаудан өтуі тиіс. Осы орайда «Білім беру ұйымдарын аттестаттау мәселелері туралы» Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Т.І.Ешенкулов ақпарат берді.

Жиын барысында, сондай-ақ Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Абылайхан Ақерке «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру — білім сапасын көтерудің негізі ретінде» тақырыбында баяндама жасады.

Жиынды қорытындылаған білім және ғылым министрі әріптестеріне күн тәртібіне енгізілген мәселелерге орай білдірген ой-пікірлері мен ұсыныстары үшін алғыс білдірді.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

ЖАУАП ЖАЗУ

Пікіріңізді жазыңыз
Атыңызды осында жазыңыз